газетаи оила

Газетаи оила 2016

Ер мiнездi Әсем…

Жаңаөзен оқиғасы қанша адамның тағдырын күл-талқан еттi, қанша адамды мүгедек қылды, жақындарынан айырылған қанша отбасын зар илеттi. Бұл оқиға Қызылсай ауылының тұрғындары Кенжебаевтар отбасының үш мүшесiнiң өмiрiн жалмады. Оқиғадан кейiн Жаңаөзендегi уақытша қамау абақтысындағы ұрып-соғу мен адам төзгiсiз азаптаудан Әсемнiң әкесi Базарбай Кенжебаев қаза тапса, бiр жылдан кейiн анасы Тiлектес Кематбаева дүниеден озды. Әке-шешесiнен айырылған Әсем былтырғы жылы Жаңаөзен оқиғасының үш жылдығы қарсаңында ауыр науқастан көз жұмды.

Әсемнiң батылдығының арқасында оның әкесi Базарбай Кенжебаевтың өлiмi көпшiлiкке белгiлi болды. Ресейлiк Новая газетаның тiлшiсi Елена Костюченкоға әкесiнiң ауыр халде жатқанын көрсеткен қызы Әсем едi. Б.Кенжебаевтың Жаңаөзен перзентханасында босанған қызына кетiп бара жатқан жерiнен ОМОН-дардың қолына түсiп, уақытша қамау абақтысында көрген азаптау мен ауыр жарақаттан қайтыс болғаны Новая газета арқылы халықаралық ұйымдарға белгiлi болды.

Оқиға болған күнi әкесiн iздеуге шыққан Әсем Кенжебаеваның өзiн де ОМОН-дар қолға түскен өзгелермен бiрге көлiкке тиеп әкеткен. Кейiн журналистерге берген сұхбатында Әсем iшкi iстер басқармасының жертөлесiнде соққыға жығылғанын, ол жерде жантүршiгерлiк оқиғалар болып, адамдар азапталғанын баяндап берген едi.
Бастапқыда құқық қорғау органдары полицейлердiң қолынан қаза тапқан адамдар жоқ дегенге жұртты сендiргiсi келдi. Бiрақ Әсемнiң журналистерге берген сұхбатынан соң бас прокуратура уақытша қамау абақтысында заңға қайшы әрекеттер болғанын мойындауға мәжбүр болды.

Сол күнi iшкi iстер басқармасының кiреберiсiнен бастап қан болды, тап бiр қасапхана тәрiздi. Үшiншi қабатқа көтерiлгенше қан, түсiргенше қан. Апарғанда ұрып барады, түсiргенде ұрып әкеледi. Дәл қазiр iшкi iстер басқармасының басшысы Амангелдi Досахановты осы жерге әкелсеңiздер, мен бәрiн оның бетiне айтар едiм. Мен сол кiсiге барып аға, мен үйiме кете қояйыншы, әкемдi iздеп жүрмiн дегенде аузына келгендi айқайлады. Амангелдi Досаханов сол күнi не болғанын жақсы бiледi. Қолына қағазын ұстап алып, ана бесеуiн анда апар, мына бесеуiн мында әкел деп бұйырып жүрдi. Ол жауап беруге тиiс. Бұлар елдi қорғап емес, қорлап, зорлап жүр. Олар жауапқа тартылса да, екi жыл ғана отырып шығады. Әкем көрген қорлықты, тартқан азапты олар да көрсiн. Оларды да ұрсын, қорласын. Сонда көңiлiм жай табады, деген едi Әсем Жас Алашқа берген сұхбатында.
Кейiн Әсем әкесiнiң өлiмiне себепшi болған уақытша қамау абақтысының сол кездегi басшысы мiндетiн уақытша атқарушы Жеңiсбек Темiровтiң сотында жәбiрленушi деп танылды. Ж.Темiров қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырылып, былтырғы жылы мерзiмiнен бұрын босап шықты. Адамдардың өзi жұмыс iстейтiн мекемеде азапталуына жол берген ол жеңiл жазамен құтылып кеттi. Ә.Кенжебаева басшымен қатар әкесiн өлiмшi етiп ұрып-соққандар табылып, жазаға тартылса дейтiн.

Әкесiнiң, артынша анасының қазасы Әсемнiң қабырғасын қайыстырды, жүрегiне салмақ салды. Әкесiнiң өлiмiн даулап, анасын жерлеген қайсар қыз сол аралықта өзiнiң денсаулығын нашарлатып алды. Сөйтiп, былтырғы жылы 24 жасында мәңгiлiк сапарға аттанды.
Жаңаөзен оқиғасы болмағанда, бүгiнде Әсем де, әкесi де, әкесiнiң қазасын көтере алмай үзiлген анасы да тiрi жүрер ме едi.

Газетаи оила дустмурод шарипов ва чамшеди халим


35 comments

  1. Киссахои газетаи оила
    Эльвира Калиева

    ма киын боптыго.дурыс тусинбедим бирак

  2. Газетаи оила 2016
    Айман Мырзашева

    Көрген едім жан түршігероік жағыдай. Бірдеңе деу қиын. Аллаһ бәрін көрді ешкім мәңгілік емес. Ешкім жазасыз қалмайды. Жатқан жерлері жайлытопырағы торқа болсын. Қорлықпен өлгендер бұл дүниеде тірі жер басып жүргендердің жанының жарасы санасының құрты болсын. Адам деп аямай айуанды асқандай өлтіргенде адам өё бауырын өз қанын азғантай ғана елін жойып жатырмын деп түсінбедіме. Аллаһ енді тыныштығын берсін.

  3. Газетаи оила 2016
    Улбосын Туреханова

    Жаман, неге?бирдеме деген бедин озин?

  4. Газетаи оила 2016
    Жолдасова Бану

    Ютубтан забастовка жанаозен деп жазын ведиолар шыгат

  5. Киссахои газетаи оила
    Ubos Alash

    Шаш ал десе бас алады гой биздикилер. Бастарын билик кыскан оншен жексурын немелер

  6. Газетаи оила 2016
    Айгуль Бокаева

    Бул окиган жартысы шын. Жартысы отирик. Бурмаланган

  7. Газетаи оила 2016
    Айнура Алишева

    Бул окиганы естиген сияқтымын бірак ттолықтай есиме туспей тур. Бир балконнан әйелдер вилеога тусирген жас жигиттерди менттер атып урып жатқан сол оқиғама?

  8. Рузномаи оила 2016
    Раушан Бектибаева

    Қайғылы жағдай екен.Əсемнің жақындарына көңілімді айтамын.жатқан жерің жарық пейішің кең болсын.

  9. Газетаи оила 2016
    Ербол Максатов

    Иа казыр ангиме айытсан Атып тастайды

  10. Киссахои газетаи оила
    Айгуль Бокаева

    Бул жерде Темирвтын дым катысы жок. Жазыксыз кетти. Оган приказ сол куни шыкты бастык болуга канша карсы болса да. Жуас жигит еди. 5 милиция соталды. Бари жазыгы жок. Приказ деп бастыктардын буйрыгы. Бастыктын ози минестер.га котерилип кетти. Амангелди бул окигадан кейн болды бастык.

  11. Газетаи оила 2016
    Мерует Кемелханова

    Алла жазасын берсин бундай иттердин бирак пендемизгой асыгамыз жазасын тарттырадыгой аллажан

  12. Газетаи оила 2016
    Гульдана Рахимова

    Назарбаев не қарап отырды Қазақтар қалайша қазақтарды осылай азаптады шаш ал десе бас алатын Қазақтын əдетіғой

  13. Киссахои газетаи оила
    Алма Айтбаева

    Бурмаланган ештенеси жок. Жаналыктардан бурмалап корсетти. Оз козимизбен кордик калай болганын. Кайткандардын жаткан жерлери жайлы болсын. Отбасыларына конил айтам. Сол окигадан талай таныстарымыз талай курдастарымыз коз жумды. 2 жасар кишкентай сабилерге дейн ок тип олди. Сол ушин отирик анау мынау деп билмесениз айтпан. Жаналыктардан 13 адам кайтты дит. На самом деле моргке адамдар симай актаудын моргтерине алып кетти

  14. Газетаи оила 2016
    Жолдасова Бану

    Ютубтан забастовка жанаозен деп жазын ведиолар шыгат

  15. Газетаи оила 2016
    Айткуль Суюнова

    Жаныма кадимгидей батадъм жеткизе алмаймын

  16. Рузномаи оила 2016
    Адал Дос

    Улбосын, мен оған ештене деген жоқпын мен оны танымаймында ғой.

  17. Газетаи оила 2016
    Айжан Игенбаева

    Ер минезди Асем кыз жаткан жерин жайлы ,карангы корин жарык болсын.Обалы билик басындагыларга.

  18. Киссахои газетаи оила
    Света Бримжарова

    Казирги желиде отырып-ап, ауыздарына келгенин кусатын кыз-жигиттерге нагыз улги боларлык жан екен!!! Жанын жаннатта болгай, Асем.

  19. Газетаи оила 2016
    Балгерим Еримбетова

    Массан ужасс кишигирим согыс болыпты гой

  20. Киссахои газетаи оила
    Акумит Биржан

    Алла аска салмасын. Алла жар болсын. Жаткан жерлери жайлы болсын!

  21. Газетаи оила 2016
    Айсулу Ибрагимова

    құдай жазаларын берсін.сол айуандардын

  22. Газетаи оила 2016
    Ализа Шакилова

    Ужас болган деп айтады го сол жактыгылар! онбаган билик басындагылар оздерин солай кинап олтирсе го сол иттерди .Аллам оларга дайындар оз орындарын.

  23. Газетаи оила 2016
    Мурат Амиров

    Байғұс қыздан обал бопты.Қазасының арты қайырлы болсын

  24. Газетаи оила 2016
    Nurlan Kustai

    Авторы кайда админ??? Жас Алашқа жарияланды авторы Айбану Кунтуаровағой

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *